Рыбакина мен Радукану WTA 500 турнирінің жұптық разрядында жартылай финалға шықты

Әлемнің 12-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Ұлыбританиялық әлемнің 46-ракеткасы Эмма Радуканумен жұптасып, Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Олар ширек финалда мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиадиді 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңді.
Финал жолдамасы үшін Рыбакина мен Радукану қытай-америкалық жұп — Чжан Шуай мен Тэйлор Таунсендке қарсы ойнайды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы осы турнирде бүгін жеке сында да өнер көрсетеді — ол ширек финалда польшалық Магдалина Френхпен кездеседі.