Ринат Алюетов: Жеңіліс – менің кінәм
«Тұран» футбол командасының бас бапкері Ринат Алюетов «Жетісумен» (2:3) ойынға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын, олардың бүгінгі ойыны өте жақсы болды. Қазір көрсеткішіміз түсіп кетті, өйткені жеті матчтан бері әртүрлі себеппен ойыншылар ауыспады, жігіттер шаршаңқы. Жеңіліс – менің кінәм. Құрамды дұрыс қоймадым, кейбір ойыншылар жарақатпен алаңға шықты. Бұл алты ұпайлық матч болған екен, біз оған дайын болмадық»