logo

Ресей чемпионатында ойнайтын Қазақстан аяқдопшысы ұлттық құрамаға қосыла алмайды

Ресей чемпионатында ойнайтын Қазақстан аяқдопшысы ұлттық құрамаға қосыла алмайды

Норвегия және Словениямен Ұлттар Лигасы аясындағы матчтарға шақыртылған ресейлік КАМАЗ қорғаушысы Талғат Кусяпов жарақат кесірінен Ұлттық құрамаға қосыла алмайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Нефтехимикке» қарсы ұлттық біріншілік аясындағы матчта Кусяпов тізесін зақымдаған, енді толық тексерістен өтеді. 

Талғат Кусяпов Норвегия (6 қыркүйек) және Словения (9 қыркүйек) құрамаларымен кездесуге шақыртылған еді. Бұл ойыншы «Астана» мен «Каспий» сапындағы кезімен белгілі.