«Реал», «Атлетико», «Вильярреал» және «Севилья» кубок үшін күреске қосылады. Испания Кубогы матчтарының тікелей эфирі
Футболдан Испания Кубогы аясында 1/16 финалдың матчтары өтіп жатыр, бұл кезеңде Примера клубтары төменгі лигалардағы командаларға қонаққа барады.
Осылайша мадридтік «Реал» Примера RFEF өкілі «Талавера» клубына қарсы сырт алаңда ойнайды. Бұл матч 01:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.
Сондай-ақ аталған арнада мадридтің тағы бір командасы — «Атлетиконың» «Балеарес» клубымен өтетін ойыны тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал сайтта екі матч көрсетіледі: «Расинг» — «Вильярреал» кездесуі 23:00–де, сондай-ақ 01:00–де «Алавес» — «Севилья» ойыны.