Рамазан Оразов өзіне жаңа клуб тапты

Семейлік «Елімай» футбол клубы 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Футболшы мансабының едәуір бөлігін «Қайрат» пен «Ақтөбе» клубтарында өткізген. Сонымен қатар, Словенияның «Копер» және Дания чемпионатында өнер көрсеткен тәжірибесі бар. «Силькеборг» сапында 24 матч өткізіп, 3 гол соқты.