Райстың Трабзондағы дебюті: «Трабзонспор» — «Галатасарай» матчының трансляциясы

Райстың Трабзондағы дебюті: «Трабзонспор» — «Галатасарай» матчының трансляциясы

Мохаммед Салах пен Фабиньо секілді жұлдызды футболшыларды қатарына қосқанына қарамастан, «Трабзонспор» маусым басында тұрақсыз өнер көрсетті. Соның салдарынан-ақ үшінші турдан кейін маусымдағы алғашқы бапкерлік отставка тіркелді. Фатих Текке өз еркімен командадан кетті.

Команда бірнеше тур бойы бас бапкерсіз өнер көрсетті. Алайда «Галатасарайға» қарсы матчта «Трабзонспорды» жаңа бапкер Томас Райс бастап шығады.

Неміс маманы бұған дейін «Бохум», «Вольфсбург», «Шальке 04», «Самсунспор» және «Лудогорец» клубтарында жұмыс істеген.

Ал «Галатасарайда» жағдай тұрақты. Бірінші турдағы сәтсіздіктен кейін «арыстандар» турнир кестесінің көш басына қайта көтеріліп, Трабзондағы матчқа фаворит ретінде келеді. Команда үшін жалғыз жағымсыз жаңалық — үздік сұрмерген Виктор Осимхеннің жарақаты. Ол бұған дейінгі бірнеше матчқа қатыса алмады.

«Трабзонспор» — «Галатасарай» матчы сағат 22:00–де басталады.

Тікелей трансляцияны sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі