logo

Рафаэль Гарибян: Біздің идеямыз - Суперкубокты алғаш рет шетелге шығару және оған халықаралық сипат беру

Рафаэль Гарибян: Біздің идеямыз - Суперкубокты алғаш рет шетелге шығару және оған халықаралық сипат беру

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян Қазақстан Суперкубогын Анталияда өткізу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біздің идеямыз - Суперкубокты алғаш рет шетелге шығару және оған халықаралық сипат беру. Біз қазақстандық футболдың өрлеуіне куә болып отырмыз және біздің жетістіктерімізді әлемде ерекше қызығушылықпен бақылайды. Бұның бәрі ұлттық құраманың нәтижелерімен тығыз байланысты. Футболшыларымыз наурыз айында ЕУРО-2024 турнирінің плей-офф кезеңі аясында Грекиямен маңызды ойынын өткізеді. Біз футболшыларымыздың осы ойынға жақсы күйде болғанын қалаймыз. Сондықтан Анталиядағы Суперкубок ойыны маңызды аспектілердің бірі ретінде саналмақ. Бұл қаланы таңдаудағы себебіміз, қаңтар айынан бастап, көптеген отандық клубтардың оқу-жаттығу жиындарының өтуіне байланысты», - деді Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян.

Ойын «Титаник Мардан» стадионында өтеді. Бұған дейін аталмыш алаңда Қазақстан ұлттық құрамасы мен өзге елдер бірнеше мәрте жолдастық кездесулерін ұйымдастырған. «Антальяспор» клубының жаттығу базасы саналатын стадион кезінде футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатын қабылдаған.

Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де) басталады.