«Қызылжар» сырт алаңда «Жетісуды» жеңді (видео)
Петропавлдық «Қызылжар» Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясындағы сырт алаңдағы матчта «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
«Қызылжар» құрамында Александр Нойок 57-минутта есеп ашты, алайда алаң иелері сапынан Нұрбол Ануарбеков 71-минутта таразы басын теңестірді.
Кездесудің тағдырын 82-минутта қарымта шабуыл барысында Стефан Баокен мергендік танысып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.
«Жетісу» — «Қызылжар» — 1:2
Голдар: Нұрбол Ануарбеков, 71 — Александр Нойок, 57, Стефан Баокен, 82.