logo

«Қызылжар» өз алаңында «Жеңісті» айқын есеппен ұтты

«Қызылжар» өз алаңында «Жеңісті» айқын есеппен ұтты

Петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында елордалық «Жеңіс» командасын Olimpbet QFL Премьер-лигасының 4-турында 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші таймда 23-минутта Евгений Березкин ойынның бірінші голын соқты. 56-минутта Зоран Нижич үй иелердің артықшылығын екі есе арттырды. 15 минуттан кейін Борис Цмилянич үшінші допты салды. Ал ойындағы нүктені украиналық шабуылшы Алексей Щебетун қойды.

Осылайша «Қызылжар» бірінші орынға көтеріліп, төрт турдан кейін жеті ұпай жинады. «Жеңіс» 10-орында қалып, өз активінде тек бір жеңіс иеленіп отыр.



Күн шежіресі