«Қызылдардың» жеңіссіз сериясы үзіліс таба ма? «Ливерпуль» — «Барнсли» матчының тікелей эфирі
Футболдан Англия Кубогының 1/32 финалы аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Барнслиді» қабылдайды.
«Ливерпуль» соңғы он матчта жеңілмегенімен, қатарынан үш тең ойын жанкүйерлердің көңілін суытып жіберді — команда жеңіске жете алмай жиі тұралап қалады. Кубоктық жарыстарда Арне Слот әдетте тәжірибе жасап, құрамды жиі өзгертеді, соның салдарынан мерсисайдтықтар бірнеше рет сүрінген. Дегенмен өз алаңындағы матч — нәтижеге ойнап, ақыры жеңіске жетуге жақсы мүмкіндік.
«Барнсли» өз лигасында қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр, алайда кубоктық кездесулерде әр мүмкіндікті пайдалануға тырысып, фавориттерден тайсалмайды. Класс айырмашылығы айқын болғанымен, алаң иелерінің құрамдағы ротациясын ескерсек, қонақтар барынша қарсыласуға және кез келген қателікті тиімді пайдалануға тырысады.
Кездесудің тікелей трансляциясы Sport+ Qazaqstan телеарнасының эфирінде, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады. Матчтый басталуы 00:45–те.