Қытайдағы шабандоз қазақ қызы өз арманын айтты
Қытайдың Іле аймағынан шыққан шабандоз қыз Мүнира Серіктұрдықызы «Ақжелкен» атты сайгүлігіне мініп әртүрлі ат үсті ойындарын көрсеткенде көпшілікті таңғалдырмай қоймайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қытайдың Іле аймағында туған Мүнира кішкентайынан жылқы жануарын өзіне серік етіп, кең жайлауда ат құлағында ойнап өскен. Атына мінгенде бөлекше образға кіріп, ертегілердегі батыр қыздардай айбатты көрінетін шабандоз Мүнира қарапайым өмірде өте ұяң да биязы қыз екен.
Қазір Шыңжаң байырғы экологиялық паркіндегі шабандоз әрі ат бапкері болып жүрген қыз жалғыз осы Мүнира ғана. Ол ат спортын қатты ұнатады.