logo

Қытайдағы қазақ қызы дзюдодан чемпион атанды

Қытайдағы қазақ қызы дзюдодан чемпион атанды

Қытайдың Іле аймағында тұратын этникалық қазақ қызы Айман Жеңіснұрқызы дзюдодан ұпай саны бойынша ел чемпионатының алғашқы біріншілігін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қытайдың Ішкі Моңғол автономиялық өлкесі, Чифэн қаласында ұлттық дзюдодан ұпай жинау бойынша өткен жарыста Іле Қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының дзюдошысы Айман Жеңіснұрқызы әйелдер арасында +78 келі салмақта алтын медаль еншіледі.

«Жас спортшының бұл жеңісі оның жеке күш-қуатының дәлелі ғана емес, Шыңжаң дзюдосының дамып келе жатқанының жарқын үлгісі», - деп жазады Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы.