logo

Қырғызстан әлем чемпионатына жолдама ала алмай қалды

Қырғызстан әлем чемпионатына жолдама ала алмай қалды

Футзалдан Қырғызстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлем чемпионатына жолдама үшін шешуші кездесуде Қырғызстан Ауғанстан құрамасынан 3:5 есебімен ұтылды. Осылайша Ауғанстан құрамасы Азия кубогында бесінші орын алып, әлем чемпионатында бақ сынау құқығына ие болды.

2024 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту кезінде Ауғанстан төртінші себеттен орын алады, оның ішінде Ангола, Хорватия, Франция, Нидерланды және Тәжікстан да бар. Қазақстан құрамасына келсек, Парагвай, Украина, Марокко, Таиланд және Панамамен бірге екінші себетке түсті.

Биыл әлем чемпионаты Өзбекстанда 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді



Күн шежіресі