«Қырандар» қолайсыз қарсыласына қонаққа барады. «Аланьяспор» — «Бешікташ» матчының тікелей эфирі
31 тамыз күні Түркия Суперлигасының 4-турында «Аланьяспор» мен «Бешікташ» кездеседі.
«Аланьяспор» әзірге тұрақты ойын көрсете алмай жүр: Жуан Перейра баптайтын команда жақсы ойын сәттерін концентрацияның төмендеуімен алмастырып отыр. Өткен турда олар «Эюпспордан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды — бұған тағы да гол соғу мүмкіндіктерін пайдалана алмауы мен қорғаныстағы қателіктер себеп болды.
«Бешікташ» Серген Ялчынның басшылығымен әзірге бір ғана матч өткізді, бірақ-ақ өз мінезін көрсетіп, «Эюпспорды» 2:1 есебімен жеңді. «Қара қырандар» прессингке, белсенді доп бақылауына және қанат арқылы шабуылдауға басымдық береді — бұл олардың шабуылына қарқын береді.
Қосымша интрига — клубтар арасындағы соңғы үш кездесу де 1:1 есебімен тең аяқталған.
Матчты тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады. Кездесудің басталуы 23:30-да.