Қостанайда дзюдодан Жастар ойындары өтеді

11-12 сәуір күндері Қостанайда Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарында дзюдо бойынша жарыстар өтеді.
Жастар арасында спортты дамытуға бағытталған шара «Қостанай» спорттық ойын-сауық кешенінде өтіп, екі күнге созылады. Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 240-тан астам жас дзюдошлар қатысады.
Жарыс ұлдар мен қыздар арасында 14 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Барлық жекпе-жектер федерацияның ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі