logo

Қос қазақстандық ойнайтын шетелдік клуб жартылай финалға шықты

Қос қазақстандық ойнайтын шетелдік клуб жартылай финалға шықты

«Ислочь» футбол клубы Белоруссия Кубогының ширек финалы аясында «Витебскпен» қарымта матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Ойын «Витебск» пайдасына 2:0 есебімен аяқталғанымен екі кездесу нәтижесі бойынша «Ислочь» жартылай финалға шықты.

Жартылай қорғаушы Мирас Көбеев алаңда толық 90 минут өткізді. Тағы бір қазақстандық аяқдопшы Денис Митрофанов екінші таймда ойынға қосылды, ол Иван Ховалконы ауыстырды.

Осы маусымда 9 гол соққан Митрофанов команданың үздік бомбардирі.