QJ League үздік футболшысы «Қайсар» командасына ауысты

Қызылордалық «Қайсар» 19 жастағы жартылай қорғаушы Димаш Серікұлымен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+.
19 жастағы футболшы бұған дейін «Тараздың» негізгі құрамында ойнап, ересектер арасындағы деңгейде өзін көрсете білді.
Еске салайық, Димаш QJ League алғашқы маусымының басты жаңалықтарының бірі болды және турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншы деп танылған еді.