logo

Қисыметов, Сыздықов халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Қисыметов, Сыздықов халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Шымкентте грек-рим куресінен Академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир үздіктері анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Осымен отызыншы рет өткен беделді бәсекеге биыл Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның барлық аймағынан 276 балуан қатысты.

Осылайша, өз салмақтарында жеңімпаз атанған спортшылар: 55 келі Ихтиер Ботиров (Өзбекстан), 60 келі Мехрож Бахромов (Өзбекстан), 63 келі Айтжан Халмаханов (Өзбекстан), 67 келі Баяман Каримов (Қырғызстан), 72 келі Әділхан Сатоев (Шымкент), 77 келі Дониорхон Накибов (Өзбекстан), 82 келі Қаhарман Қисыметов (БҚО), 87 келі Муроджон Алимжанов (Өзбекстан), 97 келі Жавохир Хужаев (Өзбекстан), 130 келі Әлімхан Сыздықов (Шымкент).