logo

Қазақстанның ұлттық құрамасы Дэвис кубогынде көшбасшысынан айырылды

Қазақстанның ұлттық құрамасы Дэвис кубогынде көшбасшысынан айырылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмайды — Александр Бублик Дэвис кубогінен бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport+.

Дэвис кубогінің 1-ші әлемдік топтағы плей-офф кезеңінің екінші ойынында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары кездесті. Александр Бублик корейлік Квон Сун Умен ойнады. Кездесу кезінде есеп 6:7, 0:3 болып, корейлік ойыншы алда келе жатқан сәтте жаңбыр жауып, матч тоқтатылды.

Алайда матчтың басында-ақ Александр жамбасынан жарақат алған. Соған қарамастан ол ауырсынуға төзіп, екінші сетке дейін ойынды жалғастырды. Жаңбыр жауып, төреші ойынды тоқтатқан соң ғана дәрігерлер тексеріп, жағдайы ойнауға жарамайтынын анықтады. Ауырсынуды басатын дәрілер мен массаж да көмектеспеді — құрама көшбасшысы қалпына келе алмады.

Бапкерлер штабы мен федерация басшылығы келесі матчтарға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл ұлттық құрама үшін жағдайды айтарлықтай қиындатып отыр, себебі Бублик жақсы формада болатын және команда одан екі ұпай күтті.

Енді жұптық матчқа Тимофей Скатов пен Александр Шевченко шығады. Ал жеке кездесулерге кім шығатыны жұптық матч нәтижесіне байланысты белгілі болады.

Beeline Janymda қосымшасында көріңіз. Матчтарды қай жерде болсаңыз да көріп, эмоциямен бөлісіңіз!



Күн шежіресі