Қазақстандық жас шахматшылар Албанияда екі алтын жəне бір күміс медаль жеңіп алды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында керемет жетістікке қол жеткізді.
Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нургалиев күміс медальді қанжығасына байлады.
Жарысқа 84 елдің 711 шахматшысы қатысты. Турнир аясында швейцариялық жүйе бойынша бірінші 40 жүріске 90 минут, партияның соңына дейін 30 минут берілетін және әр жүріс
үшін 30 секунд қосылатын классикалық уақыт бақылауымен 11 тур өтті. Қазақстан намысын 14, 16 және 18 жасқа дейінгілер санатына кіретін 44 спортшы қорғады.