logo

Қазақстандық хоккейші шетелдік клубқа ауысуға жақын

Қазақстандық хоккейші шетелдік клубқа ауысуға жақын

«Барыс» және Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутов еуропалық чемпионаттардың біріне ауысуға өте жақын, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Головой об лед» телеграм-арнасының авторы Артем Буланов чех журналистерінің қақпашы Андрей Шутовқа қызығушылық танытқанын айтты.

Андрей Шутовтың «Барыспен» ағымдағы келісімшарты 30 сәуірде аяқталады. Өткен маусымда 26 жастағы қақпашы КХЛ-дың негізгі чемпионатында 39 ойын өткізіп, 91,5% допты қайтарып, сенімділік коэффициенті 2,74 болды.