logo

Қазақстандық велоспорттан әлем чемпионатында медаль жеңіп алды

Қазақстандық велоспорттан әлем чемпионатында медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Данияр Шаяхметов жасөспірімдер арасындағы велотректен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Шаяхметов кейрин дисциплинасында жарысқа түсіп, финалда жеңімпаздан +0,026 секундқа артта қалып, екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы велотректен әлем чемпионаты Қытайдың Лоян қаласында өтуде. Турнир 21 тамызда басталып, 25 тамызға дейін жалғасады.