logo

Қазақстандық төрешілер әлем чемпионатында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер әлем чемпионатында қызмет атқарады

Тиранадағы (Албания) күрестен әлем чемпионатында төрелік ететін қазақстандық төрешілердің есімдері белгілі болды! Біздің елден төрт бірдей төреші қызмет етеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Спортты дамыту Дирекциясына сілтеме жасай отырып.

 Берік Шалабаев – еркін күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасында төрелік етеді. Ақтөбе облысының тумасы, 1S санатындағы халықаралық дәрежедегі төреші.

 Ерік Жұмабеков – 1S санатты халықаралық төреші, Олимпиадада қазылық еткен. Қазіргі Абай облысының тумасы.

 Игорь Лигай – 1S санатты халықаралық төреші, Токио және Париж Олимпиадаларының төрешісі, Түркістан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген.

 Манарбек Буденов – 1S санатты төреші, Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар арасында қазылық етеді.

Қазір елімізде 50-ден астам халықаралық дәрежедегі төреші тіркелген. Олардың ішінде, Ерік Жұмабеков – 1S, Манарбек Буденов – 1S, Игорь Лигай – 1S, Берік Шалабаев – 1S санатын алған.

Ескере кетерлігі, 1S Халықаралық күрес федерациясының (UWW) төрешілерге беретін ең жоғарғы санаты. Мұндай деңгейдегі мамандар әлем чемпионаты және Олимпиадада жұмыс істей алады.

Төрешілеріміз әлемнің ең жоғары деңгейдегі жарыстарында қызмет атқаруға дайын.

Чемпионат 21-31 қазан аралығында өтеді.