Қазақстандық теннисшілер Дюссельдорфта өтетін WTT турниріне қатысады
2 наурызда Германияның Дюссельдорф қаласында үстел теннисінен «WTT Feeder Düsseldorf» турнирі басталады. Жарысқа Англия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Канада, Корея, Люксембург, Мексика, Норвегия, Польша, Пуэрто-Рико, Румыния, Сербия, АҚШ, Қытайлық Тайбэй, Украина, Уэльс, Хорватия, Швеция, Швейцария, Эквадор және Жапония елдерінің спортшылары қатысады.
Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко, Дастан және Айдос Кенжигуловтар, Санжар Жұбанов, Искендер Харки, Ирисбек Артукметов, Бақдәулет Акимали және Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді.