logo

Қазақстандық шабуылшы черногориялық клубпен келісім-шартқа отырды

Қазақстандық шабуылшы черногориялық клубпен келісім-шартқа отырды

Бірінші лиганың көшбасшыларының бірі «Жетісай» шабуылшы Бекнур Рысқұлмен келісім-шартты бұзғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Рысқұл Черногорияның «Единиство» клубына ауысты.

Бекнур шымкенттік футболдың түлегі, ол «Ордабасы», «Мақтаарал», «Түркістан» және «Жетісай» командаларында ойнаған. 2024 жылғы маусымда 12 матчта 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.