logo

Қазақстандық шабандоздарды ирландиялық бапкер оқытып жатыр

Қазақстандық шабандоздарды ирландиялық бапкер оқытып жатыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Qazaq Jockey Club Алматы ипподромында жокейлерге арнап семинар өткізуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

28 сәуір мен 4 мамыр аралығында бір апта бойы өтетін семинарға еліміздің әр өңірінен келген 40 адам қатысып жатыр. Олардың басым бөлігі – жокейлер, бапкерлер мен атбегілер.

Осы маусымда алғаш рет ұйымдастырылған семинардың тренері – ирландиялық чемпион-жокей Диклан Гиллеспи (Declan Gillespie).

Диклан Гиллеспи – әйгілі ирландиялық жокей. 1980 жылдардан бастап ол Ирландияда, Францияда, Дубайда, Сингапурде және басқа да елдердегі 1000-нан астам жарыста жеңіске жетті.

Жокей ретінде мансабын аяқтағаннан кейін атбегілікпен айналысып келеді. Ол жаттықтырушы ретінде де жемісті еңбек етіп жүр. Бұл – ирландиялық тренердің Қазақстанға алғашқы сапары.

Ол бұған дейін Сауд Арабиясы, Қатар, Сингапур, Корея сияқты әлемнің бірнеше елінде жұмыс істеп, арнайы семинар-тренингтер өткізген. Қазіргі таңда Малайзияда тренер болып жұмыс істейді.