«Ислочь» командасы Беларусь Жоғарғы лигасының 27-турында сырт алаңда «Гомельмен» 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Sport+. 

Қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев ойынды негізгі құрамда бастап, бір сағаттан кейін алмастырылды.

27-турдың қорытындысы бойынша, «Ислочь» Беларусь Жоғарғы лигасының турнирлік кестесінде сегізінші орынды иеленіп тұр.