logo

Қазақстандық мергендер Азия чемпионатынан алтын еншіледі

Қазақстандық мергендер Азия чемпионатынан алтын еншіледі

Қазақстандық мергендер Әлішер Айсалбаев пен Мария Дмитренко Кувейт астанасында стенд атудан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, қазақстандықтар трап бағдарламасы бойынша жұптық бәсекеде 140 ұпай жинап, топ жарды.

Ирандықтар Мохаммад Бейранванд — Марзи Парвареш 137 ұпаймен екінші орынға шықса, қытайлықтар Юхао Го — Сяоцзинь Ван (136 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Мария Дмитренко жекелей және командалық сында екі қола жүлдені жеңіп алған.

Стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін созылады. Аталмыш жарыста 35 елден келген 350-ден астам мерген бақ сынауда.

Скит және трап бағдарламасы бойынша Қазақстаннан 18 спортшы өнер көрсетеді.



Күн шежіресі