logo

Қазақстандық маман Еуропа Лигасы матчының делегаты болып тағайындалды

Қазақстандық маман Еуропа Лигасы матчының делегаты болып тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасының «Бешікташ» пен «Атлетик» арасындағы матчына делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Ойын 22 қаңтар күні сағат 20:30-да Түркияның Стамбұл қаласындағы «Бешікташ Парк» стадионында өтеді.

Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.