Қазақстандық ғалымдар спортшылар ішетін бірегей қоспа ойлап тапты
Қазақстанның ғалымдары спортшыларға арналған бірегей қоспаны шығарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жаңа тағамдық қоспа спортшыларға ғана емес, зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арналған. Өнімнің алғашқы партиясы шағын зауытта шығарылды.
Қоспаның басты ерекшелігі сол, ол жасушаларды зақымданудан қорғай отырып, тотығу стрессімен күресуге көмектеседі.
Сондай-ақ, жасқа байланысты шығатын ауруларды бәсеңдетуге және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерімен күресуге, адамның физикалық және психикалық өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
«Барлық өнім Қазақ тағамтану академиясында міндетті сараптамадан өтіп, арнайы диеталық өнім ретінде тіркелді. Жоба бойынша жұмыс әзірлеу, тестілеу және сертификаттау кезеңдерін қоса алғанда үш жылға жуық уақытты алды», - дейді жоба жетекшісі Серғазы Шыңғыс.