Қазақстандық футболшы литвалық команданы жеңілістен құтқарды
«Бабрунгас» пен «Экранас» Литва Бірінші лигасының 5-тур ойынын тең нәтижемен (2:2) аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
20 жастағы Хамза Якуди 77-минутта алаңға шықты. Шешуші голды қазақстандық шабуылшы 90+5 минутта соқты. Осы тең нәтижеден кейін «Бабрунгас» сегіз ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.
Еске салсақ, Хамза «Қайрат» академиясында білім алып, «Рузаевка» мен «Ордабасы» сапында ойнады.