logo

Қазақстандық дзюдошы 16 жылдық үзілістен кейін әлем чемпионатынан жүлде алды

Қазақстандық дзюдошы 16 жылдық үзілістен кейін әлем чемпионатынан жүлде алды

Қазақстандық дзюдошы, Бейжің Олимпиадасына қатысушы, бүгінде еліміздің Спорт және дене шынықтыру комитетінде жауапты қызмет атқарған Келбет Нұрғазина Лас-Вегаста (АҚШ) ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport +.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, ұзақ жылдық үзіліске қарамастан жүлдегер атанғанын жеткізді.

«Спорттағы 16 жылдық үзіліске, тұрмыста шығып, 4 баланы өмірге әкеліп, 8 жыл бойы мемлекеттік қызметте болғаныма қарамастан 2 апта бойы жаттығу жасап әлем чемпионатында жүлдегер атандым. Ардагерлер арасында болса да бұл лайық жеңіс деп санаймын», - деді Келбет Нұрғазина.

Келбет Нұрғазина 2004-2008 жылдар арасында ұлттық құрама сапында 48 келіде табысты өнер көрсетті. Дзюдошы Азия ойындарында қола жүлдегер атанса, әлем кубогында күміс жүлдегер, сондай-ақ, халықаралық маңызда жарыстарда үздік үштік үштікке енді.

Ол Бейжің Олимпиадасының алғашқы айналымында Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Фредерик Жоссинені иппонмен ұтқан болатын.