logo

Қазақстандық чемпионның үлкен сынағы: Жұмағұлов – Дворжак жекпе-жегінің тікелей эфирі

Қазақстандық чемпионның үлкен сынағы: Жұмағұлов – Дворжак жекпе-жегінің тікелей эфирі

Қазақстандық чемпион Жалғас Жұмағұлов тарих жазуын жалғастыруда. «Жако» Еуропаның үздік лигаларының бірі OKTAGON лигасының чемпионы белбеуін алғашқы рет чехиялық қарсылас Давид Дворжакқа қарсы қорғайды.

Бұл жекпе-жек 28 желтоқсанда Прагада өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.

Турнир Астана уақытымен 22:00–де басталады, трансляция сайтта көрсетіледі. Турнирдің басты жекпе-жектері, соның ішінде Жұмағұлов — Дворжак айқасын Sport+ телеарнасынан көруге болады.

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегінің болжамды басталу уақыты — 28-інен 29 желтоқсанға қараған түні, Астана уақытымен 03:00-де.



Күн шежіресі