Қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды

Қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті.

Шешуші белдесуде ол жапониялық Нана Козукамен күш сынасты. Белдесудің қорытындысы бойынша жапониялық балуан 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Бекасыл Асамбек алтын медаль жеңіп алған болатын.