logo

Қазақстандық балуан допинг қолданғаны расталды

Қазақстандық балуан допинг қолданғаны расталды

Еркін күрес балуаны Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақ ұлттық допингке қарсы орталықтың мәлімдеуінше, Талғаттың сынамасынан қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған.

Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін кілемге шыға алмайды.

70 келіде Азия чемпионы соңғы кезде Олимпиадалық салмақ 74 келіге ауысқан.