Қазақстан жастар құрамасының Англия, Ирландия және Молдовамен ойындарға шақырылған ойыншылар тізімі

Қазақстан жастар құрамасының Англия, Ирландия және Молдовамен ойындарға шақырылған ойыншылар тізімі

Қазақстан U-21 құрамасының бас бапкері Владимир Чебурин 2027 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеудің сырттағы матчтарына шақырылған футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

ЕУРО-2027 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы қатарынан үш ойынды сырт алаңда өткізеді. Алғашқы матчты жастар құрамасы 25 қыркүйекте Вулверхэмптон қаласындағы атақты «Молинью» стадионында Англия құрамасына қарсы өткізеді.

Одан кейін 29 қыркүйекте Владимир Чебуриннің шәкірттері Ирландияға аттанып, Корк қаласындағы «Тернерс Кросс» стадионында алаң иелерімен кездеседі. Ал ойындар сериясы 6 қазанда Молдованың Ниспорены қаласында жергілікті құрамамен «Ниспорены Центральный» стадионында өтетін матчпен аяқталады.

Ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Саятхан Құсайынов («Тұран»), Шерхан Қалмұрза («Қайрат»), Мирас Рихард («Ертіс»).

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Саламат Жұмабеков (екеуі де — «Қайсар»), Санжар Әнуаров («Астана»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов, Сағи Мәлікайдар (екеуі де — «Ертіс»), Сергей Иванов («Алтай»). 

Жартылай қорғаушылар: Сэйф Попов («Алтай»), Ахметали Қалтанов («Астана»), Жансұлтан Мұхамедханов («Оқжетпес»), Мұхамедәлі Әбіш, Олжас Байбек («Қайрат»), Мирас Оматай («Елімай»), Әбинұр Нұрымбет («Ордабасы»), Никита Губарев  («Қызылжар»)

Шабуылшылар: Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Мансұр Бірқұрманов («Қайрат»), Артем Литош («Шахтер»), Ян Труфанов («Атырау»)

Бапкерлер штабы: Владимир Чебурин — бас бапкер, Дмитрий Карпов — бас бапкердің көмекшісі, Сергей Лабодовский — бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало — қақпашылар бапкері, Рустам Усманов — дене даярлығы бапкері, Біржан Хабит — сарапшы бапкер, Ахматхон Искандаров — дәрігер, Ойбек Пулатов — массажист, Қайраталы Күнқожаевв — массажист, Серіжан Абзал — әкімші, Рахат Әкімқұл — менеджер.



Күн шежіресі