Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды

Қазақстан WU-17 құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңіп, Еуро іріктеуінің А лигасына жолдама алды

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасын жеңді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу Юлия Мамонова шәкірттерінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Ботагөз Жұмажанова дубль авторы атанса, Софья Ягудина мен Балжан Төлеміс бір-бір голдан соқты.

Черногорияны жеңіп, алғашқы матчта Молдовамен (2:2) тең түскен Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, өз тобында бірінші орын алды. Осы нәтижесінің арқасында команда 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің А лигасына жолдама алды.

Құрамамыздың ең нәтижелі ойыншысы Ботагөз Жұмажанова атанды. Ол үш гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Қазақстан WU-17 — Черногория WU-17 — 4:1 (2:0)

Голдар: Жұмажанова 38, 52, Ягудина 40, Төлеміс 76 — Лукович 47



Күн шежіресі