Қазақстан U15 құрамасы УЕФА Даму турнирінің алғашқы матчында Түркиядан жеңілді

Қазақстан U15 құрамасы УЕФА Даму турнирінің алғашқы матчында Түркиядан жеңілді

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Түркиядан келген құрдастарына 0:2 есебімен есе жіберді.

Ануар Жағыппар шәкірттері бірінші таймда пенальтиден гол жіберіп алды. Ал екінші таймда стандартты жағдайдан кейін түркиялықтар екінші голын соқты.

Қазақстан U-15 құрамасы УЕФА Даму турниріндегі келесі матчын 16 қыркүйекте жарыс қожайыны — Сербия U-15 құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан U-15 — Түркия U-15 — 0:2 (0:1)



Күн шежіресі