Қазақстан U-17 құрамасының Өзбекстан және Ресейге қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы күзгі дайындық кезеңін Шымкентте өткізеді. Осы уақытта команда төрт халықаралық жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының қарсыластары Өзбекстан және Ресей құрамаларының құрдастары болады. Барлық кездесу «Намыс» стадионында өтеді.
Тимур Қасымов жаттықтыратын команда алғашқы екі кездесуін Өзбекстан құрамасына қарсы өткізеді. Матчтар 25 және 28 қыркүйекке жоспарланған. Одан кейін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ресей құрамасына қарсы екі ойын өткізеді. Кездесулер 2 және 5 қазанда өтеді.
Құрамға 27 футболшы енді:
Қақпашылар: Абай Заманбек (ҚФФ академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Нұрсұлтан Солтанғазы («Каспий»).
Қорғаушылар: Кирилл Плачинда, Георгий Гречка, Әлихан Әбди, Ильдар Датхабаев, Ислам Рашидов, Йахья Байменов (бәрі — «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси (екеуі де — ҚФФ академиясы), Темур Султаниасов («Ордабасы»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Заречный (ҚФФ академиясы), Әмір Оспанов, Әли Садырбаев («Шахтер»), Нұрәли Бижанов («Ақтөбе»), Әлихан Ақылбаев, Дарын Ибаділдә, Нұрәли Салимов (бәрі — «Қайрат»), Абдулла Бәпішев («Магдебург», Германия).
Шабуылшылар: Артем Шалыгин (ҚФФ академиясы), Тамерлан Сарсымбаев, Радмир Вдовин, Роман Черноморец (бәрі — «Қайрат»), Әнуар Төленді («Астана»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания), Алмат Сапархан («Ордабасы»), Тимур Казанцев («Шахтер»).