Қазақстан құрамасының дебютанты «Елімаймен» келісімшартты ұзартты
Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы, жартылай қорғаушы Жан Әли Пайруз «Елімай» футбол клубымен келісімшартын бір жылға ұзартты, деп хабарлайды Sport+.
Пайруз өткен маусымда семейлік ұжым сапында 26 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас беріп үлгерді. «Қызылжар» клубына қарсы ойында үздік ойыншы атанды.
Жалпы клубтық деңгейде 146 ойын өткізіп, 15 гол, 22 нәтижелі пас берді.