Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс матчтары 22–27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер жарысты бірден ширек финалдан бастап, Испания құрамасымен кездеседі.

Ширек финалдағы барлық жұптар төмендегідей:

Қазақстан — Испания
Италия — Қытай
Украина — Бельгия
Чехия — Ұлыбритания

Әрбір қарсыласу үш матчтан тұрады: екі жекелей кездесу және бір жұптық ойын.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы осы жылдың сәуір айында өз алаңында Канада құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Қазіргі чемпион әрі трофей иегері — Италия құрамасы.



Күн шежіресі