Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогындағы ширек финалдық матчының күні белгілі болды
Billie Jean King Cup ұйымдастырушылары 22–27 қыркүйек аралығында Shenzhen Bay Sports Centre Arena кешенінде өтетін командалық әлем чемпионатының шешуші кезеңінің толық кестесін жариялады.
2026 жылғы Billie Jean King Cup by Gainbridge финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 22 қыркүйекте басталады. Ашылу матчында турнирдің 11 дүркін чемпионы Чехия құрамасы мен 2025 жылғы жарыстың жартылай финалисі Ұлыбритания құрамасы кездеседі.
Қазақстан мен Испания құрамалары арасындағы ширек финалдық матч 23 қыркүйек, сәрсенбі күні өтеді.
Турнирлік кестенің жоғарғы бөлігіндегі қалған екі ширек финал 24 қыркүйекте ойналады. Күндізгі сессияда Украина мен Бельгия құрамалары кездессе, кешкі сессияда жарыс қожайыны Қытай құрамасы қазіргі екі дүркін чемпион Италия құрамасына қарсы ойнайды.
Матчтардың толық кестесі (уақыты Қытайдың стандартты уақыты — CST бойынша көрсетілген):
22 қыркүйек (сейсенбі)
Чехия — Ұлыбритания (17:00) — ширек финал 1
23 қыркүйек (сәрсенбі)
Испания — Қазақстан (17:00) — ширек финал 2
24 қыркүйек (бейсенбі)
Украина — Бельгия (10:00) — ширек финал 3
Қытай — Италия (17:00-ден ерте емес) — ширек финал 4
25 қыркүйек (жұма)
Жартылай финал 1 (17:00)
Ширек финал 1 жеңімпазы — Ширек финал 2 жеңімпазы
26 қыркүйек (сенбі)
Жартылай финал 2 (17:00)
Ширек финал 3 жеңімпазы — Ширек финал 4 жеңімпазы
27 қыркүйек (жексенбі)
Финал (17:00)
Финалдық кезеңдегі әрбір қарсыласу үш матчтан тұрады: екі жекелей кездесу және бір жұптық матч. Барлық ойындар екі сетте жеңіске жеткенге дейінгі форматта өтеді, әр сетте тай-брейк қарастырылған.