Қазақстан құрамасының Бельгия және Фарер аралдары құрамаларына қарсы ойындарға арналған кеңейтілген құрамы
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 15 қараша күні Бельгияға қарсы өтетін матчқа және 18 қарашада Фарер аралдары құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.
Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров, Талғат Құсяпов (барлығы — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу, Ресей), Ерсултан Қалдыбеков («Қайсар»), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі де — «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де — «Женіс»), Рамазан Оразов, Жан-Әлі Пайруз, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы — «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев, Артур Шушеначев (екеуі де — «Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Каримов («Астана»).
Еске сала кетсек, қараша айында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді:
15 қарашада өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынын, ал 18 қарашада Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.