Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатына қатысуының шарты аталды

«Қайрат», «Восток», «Қайсар» және «Мегаспорт» клубтарының бұрынғы футболшысы, футбол агенттігінің басшысы Қайрат Баймаханов «Футбол Плюс» бағдарламасының эфирінде Қазақстан құрамасының Әлем немесе Еуропа чемпионаты сияқты ірі турнирлерге қатысуы үшін қандай шарт қажет екенін айтты.
«Менің ойымша, біздің құрамамыз ірі турнирге шығуы үшін кем дегенде 5 қазақстандық футболшы Еуропаның ТОП-5-8 лигаларында ойнауы керек. Сонда ғана бізде ірі турнирге шығу мүмкіндігі жоғары болады», — деді ол.
Бағдарламаның толық нұсқасын төменнен көре аласыз.