Қазақстан құрамасын үміткер футболшы «Ертіске» ауысты
Павлордарлық «Ертіс» Қазақстан құрамасының футболшысы Әділхан Добаймен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Добай — Шымкент футбол мектебінің түлегі. Өзінің кәсіби мансабын «Онтүстік академиясы» жастар командасының құрамында бастады.
2019 жылы «Ордабасы» командасына қосылды. Сол жылы Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады. Қазақстан құрамаларында (U17, U19, U21) өнер көрсетті.
2024 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды. Өткен маусымды талдықорғандық «Жетісу» футбол клубында өткізді. 2022 жылғы Қазақстан Кубогының иегері.