Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді сенімді түрде жеңді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Дубль авторы — Ғалымжан Кенжебек, тағы бір-бір голдан Бақтиер Зайнутдинов пен Әлібек Қасым соқты.
Талғат Байсуфиновтің командасы келесі ойынын 13 қазанда Солтүстік Македония құрамасына қарсы өткізеді.