Қазақстан премьер лигасының ойындарына 40 мың жанкүйер жиналған
Премьер-лиганың тоғызыншы турының алты матчына 37 100 көрермен жиналған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ең көп адам жиналған ойын «Ақтөбе» – «Ордабасы» (0:0) 12 600 жанкүйер.
Ең аз адам Қарағандыда «Шахтер» мен «Тобыл» (1:0) кездесуі – 3 000 жанкүйер.
Чемпионат басталғалы Премьер-лига матчтарына 223 621 адам келген.