Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матч өтетін стадион белгілі болды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2027 жылғы 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матчтың өтетін орнын ресми түрде растады, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
УЕФА-мен келісім бойынша, Қазақстан футбол федерациясы Ақтөбе қаласын қабылдаушы тарап ретінде ұсынды және бұл өтініш мақұлданды.
Кездесу 8 қыркүйекте Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.
Матчтың басталу уақыты мен билет бағдарламасы туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.