Қазақстан Кубогының ширек финалында екі матчтың нәтижесі белгілі
Футболдан Қазақстан Кубогының ширек финалдық қос матчы аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Стасевич, Керімжанов және Новактың соққан голдарының арқасында «Атырау» «Қайраттан» басым түсті. Алматылықтар бір ғана доппен жауап бере алды, оның авторы - Офри Арада.
«Тобыл» өз алаңында «Астананы» жеңді. Есеп 1:0, жалғыз голды соққан Ислам Чесноков.