Қазақстан көкпардан әлем чемпионатының финалында Өзбекстанмен кездеседі
Түркістанда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ресей Федерациясын 6:4 есебімен жеңіп, финалға шықты. Екінші кездесуде Өзбекстан Ауғанстанды 4:2 есебімен ұтып, шешуші кезеңге жолдама алды.
Ертең, 21 наурыз күні, алтын жүлде үшін Қазақстан мен Өзбекстан кездеседі. Қола медальді Ресей Федерациясы мен Ауғанстан құрамалары сарапқа салады.
Турнирге 9 елдің командалары қатысуда.